Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробациялық бақылаудан жасырынған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Байқоңырда пробациялық бақылаудан жасырынған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың тамыз айында Байқоңыр қалалық пробация қызметі пробациялық бақылаудағы А. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы Байқоңыр қалалық сотына ұсыным жолдаған. Сотталған азамат Қызылорда қаласының №2 сотының 21 шілде, 2020 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабы бойынша бас бостандығынан айыру жазасының 2 жыл, 2 ай, 11 күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген. Алайда ол пробациялық бақылаудан жасырынып, сот жүктеген міндеттерді орындамаған.

Аталған сотталғанға қатысты Байқоңыр қалалық пробация қызметінің ұсынымын қараған прокурор сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берді. Осыған орай, сотталған А. есімді азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген. Қаулы заңды күшіне енген.

– Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Есептегі азаматтардың барлығы бірдей емес, бірі түзелу жолына түсіп, енді бірі жеке кәсіп ашып, өзін де өзге азаматтарды да жұмыспен қамтып отыр. Жыл басынан Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 4 сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді, – дейді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы А.Танбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру