СҚО полицейлері колледж оқушыларына адам саудасынан қалай қорғану керектігін айтты
СҚО полицейлері колледж оқушыларына адам саудасынан қалай қорғану керектігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Колледж студенттеріне полицейлер адам саудасының құрбаны болмау, еңбек және жыныстық қанаудан қалай қорғану керектігін айтты. СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Әйелдерді қолдау орталығы” үкіметтік емес ұйымының қатысуымен Петропавлдағы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің бірінші курс студенттеріне дәріс оқыды. Алғаш рет ата-ана қамқорлығынан шыққан оқушылардың көпшілігіне заңсыз қанаудың түрлері, адам саудасына қарсы күрестің негізгі бағыттары туралы айтылды. Зардап шеккендерді жалдаудың кейбір әдістері қарастырылды. Полиция қызметкерлері жұмысқа орналасқысы келетін адамдарға негізгі ережені ұстануға кеңес береді: еңбек шартын жасасқанға дейін ешқайда кетпеу қажет. Егер “жұмыс берушілер” алдымен сол жерге барып, содан кейін ғана еңбек қатынастарын рәсімдеуді ұсынса, заңсыз пайдалануға тарту қаупі өте жоғары.
– Оқушыларға бірыңғай “11616 қауырт желісі” көрсетілген буклеттер таратылды, онда адам саудасына қатысы бар күдікті фактілер туралы хабарлауға болады. Сондай-ақ оқытушылармен байланысуға болады, 102 арнасына қоңырау шалу мүмкіндігі де бар. Бұл кездесу “STOP трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде өтті. Іс-шара кезінде сауна, монша және қонақ үй кешендері, сондай-ақ құрылыс алаңдары, шаруа қожалықтары және жыныстық және еңбекке пайдалану фактілері орын алуы мүмкін басқа да объектілер назарға алынды. Облыс аудандарында сапаржайларда, сауда үйлерінің, ауруханалардың жанында, басқа да қоғамдық орындарда адамдардың мазасын қашырған 25 қайыршы жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.