Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 20 күнде 5000-нан астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды

Қостанай облысында 20 күнде 5000-нан астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде 22 тамыздан бастап “Назар аударыңыз – балалар!” кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Осы уақыт ішінде облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 5000-нан астам дерегін анықтады.

Іс-шараның мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Оған жергілікті атқарушы органдар, білім беру және денсаулық сақтау органдары қатысты.

Іс-шара барысында Әкімшілік полиция қызметкерлері көше-жол желісіне жақын орналасқан мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру мекемелерінің аумақтарын тексерді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 188 ұйғарым берілді. Облыста жол қызметтерімен бірлесіп 145 жол белгісі ауыстырылды, 19 жаяу жүргіншілер өткелі және 39 метр жасанды жарықтандыру жайластырылды, 914 метр тротуар салынды, 30 жасанды кедір-бұдыр орнатылды.

Облыс аумағында барлығы 475 мектеп жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап тәртіп сақшылары барлық оқу орындарына барып, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша оқушылармен және ата-аналармен әңгімелесулер өткізіп, жиындарға қатысты.

– “Назар аударыңыз – балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 303 – балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде 209 – автокөліктің алдыңғы орындықтарында балаларды ұстау құрылғыларын пайдаланбағаны үшін, 417 жүргізуші жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін, 165 – маршруттық көлік құралдарын тоқтату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды – деп хабарлады облыстық ПД жергілікті полиция қызметі.

Сондай-ақ, полиция оқу орындарының жанында орналасқан жол учаскелерінде жол-көлік оқиғаларына жол берілмегенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру