Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері облыстың тергеу бөліністерінің “ұстазын” құттықтады

СҚО полицейлері ҚР ІІМ құрметті қызметкері отставкадағы полиция полковнигі Қайдар Кашеновті 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның беделділігі көпжылдық мінсіз қызметіне ғана негізделген жоқ. Басты еңбегі – облыстағы тергеу бөліністерінің “кәсіби негізін” қалыптастыруы. Қайдар Ысқақұлы мансабының шыңы қылмыстылық өршіп тұрған қиын-қыстау 90-жылдармен тұспа-тұс келді. Есірткі бизнесі, рэкет, мемлекет меншіктерін талан-таражға салу – тәртіп сақшыларының аталған қылмыс түрлерімен жұмыста тәжірибелері болмаған, уақыт талабына сай жаңаша үйренуге тура келді. Мұндай қызметке офицерлердің бәрі бірдей шыдамады, төзімді, жұмысына жан-тәнімен берілгендер ғана қалды. Олардың арасында уақыт талабына төтеп беретін, жас қызметкерлерді үйрете алатын – зиялы әрі байсалды, қайсар мінезді полиция полковнигі Кашенов болатын.

Ол КСР ІІМ Волгоград жоғары милиция мектебін 1978 жылы бітірген. Еңбек жолын СҚО Ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісінен бастаған. Кәсіби қсиеттері және терең білімі үшін Қайдар Ысқақұлының еңбегі еленіп, тергеу желісі бойынша ІІБ бастығының орынбасарына дейін көтерілді. Өзінен кейін мықты кәсіби мамандар легін қалдырып, 2020 жылы зейнеттік жасына байланысты отставкаға шықты. Оған “ҚР ІІМ Құрметті зейнеткері” атағы берілді. Зейнеткерлік демалысында да қамқор әке, ата және жұбай әр кез “сапта”: Петропавл қалалық сотында судья болып қызмет атқарды, 2010 жылдан облыстық адвокаттар алқасында жұмыс істейді.

Туған ведомствосында оны жақсы біледі әрі құрметтейді. Полицейлердің қызметінің елеулі кезеңдеріне арнаған, аса ұқыптылықпен әзірлеген фотокөрмесі, баласы мен немересін еріте келген құрметті ардагердің назарынан тыс қалмады.

Акт залында СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев ардагерге Алғыс хат табыстады. Бұрынғы қызметтестері – СҚО ПД Ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных пен Петропавл қ. ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Абай Ғалиев – жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ, Қайдар Кашеновтің еңбек жолы туралы бейнефильм көрсетілді.

– Кашенов мектебінің ықпалы бүгінгі күнге дейін сезіледі – Сіз тәрбиелеген мамандар облыстан тыс аумақтарда жауапты лауазымдарда қызмет атқаруда, – деді Марат Төлебаев. – Сіздің қызметтік тізіміңізде ІІМ және ІІБ 40 астам марапаты бар, оның ішінде ҚР ІІМ Құрмет грамотасы, “Мінсіз қызметі үшін” медалі, “ҚР ІІМ Құрметті қызметкері”, “Милиция үздігі” төс белгілері және көптеген алғыстары бар. Сіз біз үшін Отанға қалтқысыз қызмет етудің және өз мамандығына деген адалдықтың үлгісі болып табыласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру