Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған 15 автокөлікті арнайы тұраққа қойды

СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған 15 автокөлікті арнайы тұраққа қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, құқық белгілейтін құжаттарды, атап айтқанда көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді тексеруде. 2024 жылдан бастап қазақстандықтарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар өзге елдердің азаматтарына автокөліктерді шетелдік есепте пайдалануға тыйым салынды. Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың бұрын ұзартылған мерзімдері шықты. Енді заңда көзделген тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып табылады. Осыдан кейін 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады, автокөліктер бұзушылық жойылғанға дейін арнайы тұраққа орналастырылады.

– Бүгінде облыста ҚР-да тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анықталды. Автокөлік иелерін шетелдік есепте өз автокөлік құралдарын тіркеу бойынша дереу шаралар қабылдауды сұраймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — жолдардағы құқық бұзушылықтардың жазасыздығына ықпал ететін жағдайларды жою, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру