Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері трассада масаң күйдегі бикешті тоқтатты

СҚО полицейлері трассада масаң күйдегі бикешті тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте Мамлютка – Қостанай автожолының 103 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоның экипажы “BMW” жүргізушісінің сенімсіз басқаруына назар аударды. Рөльде 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, одан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдығын көрсетті. Мас бикеш жол жүрер алдында коньяк ішкенін растады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материал жинап, сотқа тапсырды. Сот шешімімен ауыл тұрғыны жеті жылға басқару құқығынан айырылды.

– СҚО-да 10 қыркүйектен ішімдік ішіп алып рөльге отырған тағы 41 адам осындай жазаға тартылды, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. — Бұл күндері облыста “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның мақсаты – жүргізушілердің тәртібін күшейту, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту. Операцияның басынан 3300-ден аса түрлі жол жүрісі ережелерін бұзушылық анықталды. ЖПІШ кезінде жолдарда күшейтілген режимде тексеріс жүргізіледі. Көлік жүргізушілерінен ЖЖЕ қатаң сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру