Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктен әмиян ұрлаған шымкенттік анықталды

Автокөліктен әмиян ұрлаған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек Абай АПБ-ның 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Онда белгісіз тұлға Toyota Camry маркалы көлігінің терезесін сындырып, ішінен жеке куәлігін, көлік жүргізу куәлігін, автокөлікті сақтандыру құжатын, көлік құралын тіркеу туралы куәлігін және 50 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру