СҚО полицейлері велосипед жүргізушілерін ескертеді
СҚО полицейлері велосипед жүргізушілерін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктем-жаз мезгілі келісімен жүргізушілердің қатарына қос дөңгелекті көлік иелері қосылды. Полицейлер жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларының назарын осы мәселеге аударуды сұрайды. Бұл жөнінде, сондай-ақ велосипедтер, электросамокаттар мен скутерлердің жүру ережелері туралы Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы бөліністің аккаунтында өткен тікелей эфирде еске салды.
Егер велосипедке арналған жол болмаса, тротуармен, жол жиегі және жаяу жүргіншілердің жолағын пайдалануға болады, алайда бұл ретте жаяу жүргіншілерге кедергі келтірілмеуі тиіс. 14 жасқа толмаған велосипедшілерге жолдың оң жақ шетімен жүруге болмайды. Сондай-ақ, рөлді бір қолмен ұстап жүргізуге, жолаушыларды, ұзындығы немесе ені бойынша габаритінен 50 см артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға тыйым салынады.
– Талдау көрсеткендей, велосипедшілер көп жағдайда жол қозғалысы ережесін елемей, жаяу жүргіншілер өткелімен жүруге тыйым салынғанына қарамастан, жолды кесіп өтеді. Көлік құралы жүргізушісінің бірден тоқтай алмайтындығын ескеру қажет. Велосипедшілердің тыңдағышты қолдануы да қауіпті, – деп атап өтті Айдын Байматов.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылар, оның ішінде велосипедтер, мопедтер және оларға теңестірілген көлік құралдары жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз.
– Велосипедші өзімен бірге шлем, тізе мен шынтақ қорғаныштарын және көзілдірік алып жүруі қажет. Велосипедтерде катафоттар, алдыңғы және артқы шамдар міндетті түрде орнатылуы керек. Сондай-ақ, жарық шағылыстыратын элементтері бар көзге түсетін ашық түсті киім киген жөн – бұл жол қозғалысына қатысушылардың назарын аударудың бір жолы, бұл әсіресе түнгі уақытта қажет, – деп ұсынады полицейлер.