Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясының бастығы офицерлерге кезекті атақтарын табыс етті

СҚО полициясының бастығы офицерлерге кезекті атақтарын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда бірлескен саптық байқау және облыс орталығының аумағында қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған полиция кешенді күштерінің гарнизондық таратуы өтті.

Саптық байқау кезінде бірден бес қызметкер кезекті арнаулы атақтарын алды: үшеуі – “капитан” атанса, екеуі – “полиция лейтенанты” болды. Барлық офицерлер Петропавл қаласында орналасқан бөліністерде қызмет атқарады. Қызметкерлер жаңа погондарын әріптестерінің қошеметі мен оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қолынан алды.

Патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері – сыртқы қызметтердің қызметкерлері тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді және полиция құзыретіне жататын шақыртуларға алғашқылардың бірі болып баруға әрдайым дайын тұрады. Аталған бөліністердің жұмыс тиімділігінің негізінде қалыпты емес жағдайларда шешім қабылдай білу ғана емес, қатаң тәртіп те жатады.

Айдын Қабдұлдиновпен өткізілген саптық байқау кезінде командирлер жеке құрамның заңды, жарғыны білуі, қызметтік құжаттардың болуы, сондай-ақ жаз бен көктем кезінде қызмет атқаруына дайындығын тексерді.

Қазіргі уақытта СҚО-да патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен қатар, учаскелік полиция инспекторлары да жаңа үлгідегі нысанды киімде қызметке түседі. Киім-кешек жүктемелер кезінде туындайтын жоспарланбаған жағдайларда қызметтік міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді. Жаңа киіммен кезең-кезеңімен қалалық және аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар қамтамасыз етіледі.

Саптық байқау соңында Петропавлдық полиция гарнизоны күштері ведомстволық Мәдени орталық оркестрінің сүйемелдеуімен салтанатты түрде жүріп өтті. Тәртіп сақшыларының соңынан патрульдік полицияның арнайы автокөліктері өтті, іс-шарадан кейін полицейлер бірден қызметіне, қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру