Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бір нүктелік” іс-шарасы: шымкенттік полицейлер 2 847 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Шымкенттік полицейлер “Бір нүктелік” іс-шарасы барысында 2 847 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының нұсқауымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері “Бір нүктелік” рейдтік шарасы жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 15-17 сәуір аралығында жалпы 2 847 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, көлікті мас күйде басқарған екі тұрғын, көлік басқару құқығы жоқ адамның рөлге отыру жайты бойынша 19 жүргізуші, телефон пайдаланған 153 азамат анықталған.

Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпастан көлік басқарған 369 жүргізуші, маневр ережесін бұзған 41 азамат, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан сегіз тұрғын, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту бойынша 30 жайт тіркелген.

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген 11 жүргізуші, авариялық жағдай туындатқан үш көлік иесі анықталған және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзған 30 жайт тіркеліп, тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ал 71 автокөлік айыптұраққа қойылды.

– Мегаполистің полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысты алдын алу мақсатында жолда мас күйінде көлікке отырған, авариялық жағдай туындатқан жүргізушілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды күнделікті анықтауда. Алайда полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кей жүргізушілер салдары туралы ойланбай көлік жүргізіп, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кетіп жатады. Қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін рейдтік іс-шаралар ұдайы жүргізіп отырамыз. Азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береміз, – дейді патрульдік полиция полкінің штаб бастығы Бақытжан Набиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру