Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы есірткінің кезекті партиясын тәркіледі

Алматы полициясы есірткінің кезекті партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала болжам бойынша Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынынан гашишқа ұқсас өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақ заты бар 11 бума тәркіленді.

– Таугүл ықшам ауданындағы үйлердің бірінің ауласында учаскелік инспектор құжаттарын тексеру үшін күдікті ер адамды тоқтатты. О.есімді азамат полиция қызметкерлеріне дереу тыйым салынған заттарды берген. Ұсталған азамат түсіндіргендей, ол белгісіз ер адамнан жеке пайдалануы үшін 30 мың теңгеге есірткі сатып алған. Есірткіні сатып алғаннан кейін күдікті өз үйіне қарай жол тартқан, сол жерде ұсталды. Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс аясында есірткі заттарын сатумен айналысқан азаматты анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру