Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар ақмолалық әйелді 2,8 млн теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Алаяқтар ақмолалық әйелді 2,8 млн теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданы Чаглинка ауылының 48 жастағы тұрғыны жоспарлы алдаудың құрбаны болған. Алаяқтық туралы еш күдігі болмаған азаматша Көкшетау қаласының екі банкінде 800 мың және 2 млн теңге ақшалай несие рәсімдеген, ал полицияға үш күннен кейін ғана, 14 сәуірде жүгінген.

11 сәуірде әйелдің ұялы телефонына белгісіз абоненттен қоңырау түскені анықталды. Өзін Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкері ретінде таныстырып, қоңырау шалушы өтініш беруші алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, оның алдын алу үшін оған «полициямен» ынтымақтасу қажет екенін хабарлаған. Ер адам ірі қазақстандық банктердің бірінде алаяқтықпен күрес жөніндегі арнайы бөлім ашылғанын және жақын арада осы бөлімнің қызметкері оған қоңырау шалатынын айтқан.

Әрі қарай жаңа бөлімнің жалған қызметкері азаматшаның атына заңсыз несие рәсімделуі мүмкін екенін айтып, оған жақын арада барлық жағдайларды нақтылау үшін банкке баруға кеңес берді.

Келесі күні әйел адам Көкшетау қаласының облыстық орталығына барып, банк ғимаратының алдында алаяқтардан алдағы нұсқауларды күтеді.

Алаяқтардың айтқандарын орындап, Нұр-Сұлтан қалалық полиция қызметкерлерінің арнайы операциясына қатысып отырғанына сенімді болған ақмолалық 800 мың теңге сомасына несие рәсімдейді, содан кейін бұл ақшаны банкке қайтару үшін «полицейдің» шотына аударған. Әйелді алдау оңай екенін түсінген қаскүнемдер дәл осы схема бойынша оны 2 млн теңгеге басқа банкте қарыз рәсімдеуге мәжбүрлейді. Бұл ақша да дәл осы жолмен қылмыскерлердің қолына түседі.

Алданып қалғанына күдігі болмаған әйел адам ауылға оралады. Ол қатысқан қылмыстық схема туралы тек 14 сәуірде учаскелік полиция инспекторымен кездесіп, алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. Өз кезегінде полиция қызметкері оған полиция бөліміне өтініш жазуға кеңес беріп, онымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу жұмыстарын Көкшетау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру