Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жолда қалып қойған отбасыға көмектесті

Петропавл тұрғыны СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында, түнде 53 жастағы Петропавл тұрғынының автокөлігі Кременчуг ауылына жақын Астана — Петропавл автожолында түнгі сағат 2-лер шамасында бұзылып қалған болатын. Жол бойында көмек сұраған ер адамға ешқандай көлік тоқтамай, өтіп кетеді.

Полицейлер – Евгений Вишневский мен Алтынбек Омаровтың құрамындағы ППБ экипажы қасында тоқтаған кезде жүргізуші мен оның жұбайы көмекке деген үмітін үзіп үлгерген еді.

– Полиция қызметкерлері менің көлігімді Келлеровкаға сүйреп апарды, бізді жол бойындағы кафеге орналастырды. Қосалқы бөлшектерді жеткізіп, жөндеуге мамандар табуға көмектесті. Оларға көрсеткен көмегі үшін зор алғысымды білдіргім келеді және олардың қажырлы еңбегіне, күш-жігеріне, шыдамдылығына тәнтімін. Отбасыларына амандық тілеймін, – дейді жүргізуші.

СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалинның айтуынша, мерекелік демалыс күндері облыс жолдарындағы жағдай тұрақты болды. Зардап шеккендер мен жол апатына жол берілген жоқ. Тәртіп сақшылары жүргізушілерден күндізгі және түнгі температураның төмендеуінен туындаған мұздың пайда болуына байланысты жоғары қырағылық танытуды және ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру