Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері мерекелік демалыс күндерінің қалай өткенін айтып берді

Петропавлда полицейлер мерекелік демалыс күндерінің қалай өткенін айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын күшейтілген режимде өткізді. Петропавл тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын жаяу мен автопатрульдер, бейнебақылау инспекторлары қорғады. Полицияның кешенді күштері демалушылар көп жиналатын орындарға жақындатылды. Бейнекамералардың көмегімен 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Орталық алаңдарда қоғамдық тәртіпті бұзу, облыс орталығында ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді.

Мереке күндері жедел жағдай тұрақты болды. 21 наурыз бен 25 наурыз аралығында “102” жедел арнасына 1605 телефон хабарламасы келіп түсті, оның ішінде 502-сі полиция күштерінің жедел әрекет етуін талап етті. Негізгі өтініштер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша болды. Отбасылық жан-жалдардың 38-і тіркелді. Сондай-ақ күткендегідей түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайлары да көбейді. Негізінен жалдамалы пәтерлерде шулы кештер ұйымдастырғаны үшін, 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру