Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында күштік құрылымдардың арасында тактикалық атыстан жарыс өтті

Абай облысында күштік құрылымдардың арасында тактикалық атыстан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің базасында атыс бойынша қызықты жарыс өтті. Оған күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Турнирде мамандандырылған құрылымдардың 21 жауынгерінен тұратын төрт команда сайысты.

Жеңісті Абай облысы полиция департаментінің “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің командасы иеленді. Екінші орынды ҚР Ұлттық ұланының “Бүркіт” арнайы жасағының жауынгерлері алса, үшінші орынды ПД-ның жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері жеңіп алды.

Тактикалық матч тек атудан ғана емес, сонымен қатар толық жабдықталған киіммен кедергі жолақтарынан өту сайысынан да тұрды. Әр команда максималды жылдамдық пен дәлдікке ие болуы керек деген тапсырма қойылды.

Автокөлікті өз күшімен арқанмен сүйреу, салмағы 120 келі баллонды көтеру және жүгіру, бір қолымен 24 келі салмақты ұстап, екінші қолымен ату сияқты сынақтардан арнайы бөлімшелердің жауынгерлері сүрінбей өтті.

Күнделікті дене шынықтыру және жауынгерлік спорт түрлері жауынгерлердің тамаша дайындығы мен жоғары шыдамдылығын көрсетеді.

Абай облысы полиция департаментінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын жауынгерлік қасиеттері мен тәсілдерін жетілдіріп, өздерінің спорттық дағдыларын шыңдайды.

Жауынгерлердің ішкі істер органдарындағы өмірі мен қызметі спорт залмен, татамимен және жауынгерлік рухпен тығыз байланысты.

– Бұл тактикалық ату матчы да қызықты және әсерлі спорттық іс-шаралардың қоржынына кірді. Жарыс біздің қызметкерлердің спорттық дайындығын ғана емес, сонымен қатар төзімдерін, кез-келген кедергілер арқылы алға жылжу қабілетін көрсетті, – деп атап өтті Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бейбіт Исаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру