Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жолдардың жабылғаны жайлы ескертеді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жолдардың жабылғаны жайлы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да орын алған қолайсыз ауа райы туралы күн райын болжайтын мамандар мен төтенше жағдайлар қызметі ескерткен болатын. Бұрқасын, боран, жолдағы көру аймағы 50 метрден аспайды. Ауа райына байланысты 12 қаңтар күні сағат 9:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша облыстық жолдар, сағат 11:00-ден республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Полицейлер жол ерекше өкім шыққанға дейін жабық болатыны туралы хабарлайды. Жедел қызметтердің көліктеріне өтуге рұқсат етілген.

– Жүргізушілерді жолға шықпауға шақырамыз, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш. – Қазіргі уақытта СҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің мәліметіне сәйкес, облыстық маңызы бар автожолдарда 100-ден аса арнайы техника жұмыс жүргізуде. Республикалық маңызы бар автожолдарда 15 автопатруль мен бір патрульдік бекет қызмет көрсетуде. Қала сыртында жолда қалған автокөлік жоқ.

10 қаңтарда әйел адамды әкеле жатқан 22 жасар солтүстікқазақстандық «ВАЗ 2104» көлігімен Қызылжар ауданында жолда батып қалған. Ол қар құрсауынан шыққанша қолғалтқыштың ремені үзіліп, аккумуляторының қуаты таусылған. Жігіт «112» арнасына қоңырау шалған, құтқарушылар хабарламаны Берёзовка селолық округінің учаскелік инспекторы Тагир Шакиржановқа жеткізген. Ол көлікті Ташкентка аулындағы жүргізушінің туысына жеткізуіне көмектескен. Кейін учаскелік инспектор жас жігіттің жөндеу жұмысын аяқтап, жолға шығуына көз жеткізу үшін онымен хабарласып тұрған.Айта кететіні, соңғы уақытта жолда қиын жағдайларға тап болған жүргізушілерге патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің көмекке келуі жиілеген. 11 қаңтар кешке патрульдік полиция Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолында сынып қалған «ГАЗель» автокөлігін сүйреп жеткізген. Полицейлер жол ашылғаннан кейін жолға шығар алдында көліктің жүруге жарамдығына көз жеткізіп, тросс, жылы киімдеріңізді алып, телефоныңызды қуаттандыру үшін тасымалды қуаттандыруды болу керектігін еске салады. Ең бастысы, полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ұсынымдарын сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру