Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 65 қылмыскерді ұстады

СҚО полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 65 қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот төрелігінен қашу мақсатында қылмыскерлер басқа облыстарға, қалаларға, елді мекендерге кетіп, бойы тасалағылары келеді. Оларды іздеу – криминалдық полиция жұмысының маңызды желілерінің бірі.

Петропавлдық жедел уәкілдер желтоқсанның 29-ы күні Атырау қаласында тонау жасап, бір айдай уақыт іздеуде жүрген Қостанай қаласы тұрғынын ұстады. Бұдан бірер күн бұрын, 29 желтоқсан Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласынан шыққан іссапары барысында есірткінің заңсыз айналымына күдіктіні ұстады. Оған бір ай бұрын іздеу жарияланған.

– Іздестіру іс-шаралары басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүргізіледі. Аталған жұмыс департамент басшылығының ұдайы бақылауында. Жыл басынан облыста 60 қылмыскерге іздеу жарияланды. Криминалық полиция қызметкерлерімен 65 іздеудегі тұлға ұсталды, оның 14-і өткен жылдар санатындағы қылмыстар, – деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру