Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер сәйкестік сертификаты жоқ 1,5 мыңға жуық пиротехникалық бұйым тәркіледі

Елордада полицейлер сәйкестік сертификаты жоқ 1,5 мыңға жуық пиротехникалық бұйым тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсаннан бастап полиция ТЖД Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, пиротехниканы заңсыз сату орындары бойынша рейдтер жүргізіп жатыр. Іс-шара басталғаннан бері сәйкестік сертификаттары жоқ 1494 пиротехникалық зат пен оларды қолданатын бұйымдар тәркіленді. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін 20-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен, бір күндік рейд барысында полицейлер заңсыз сатудың 10 фактісін анықтады. Мысалы, Түркістан көшесіндегі үйдің ауласында пиротехниканы заңсыз сатқан Toyota көлігінің жүргізушісі анықталды.

28 жастағы астаналықтан 417 пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Барлық сатушыларға қатысты заңсыз сауда жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру