Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларды қуантты

Қызылордалық полицейлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларды қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы көру қабілеті бұзылған балалардың жаңа жылдық кешіне қатысты. Мерекелік кеш Қызылорда облысы Білім басқармасының көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.

Жаңа жылдың басты сәні – жасыл шыршаны айналған балалар шаттық пен қуанышқа бөленіп, арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар еніп, түрлі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, балалар арнайы әзірленген концертті тамашалады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әміржан Утегенов балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен барлық армандарының орындалуын, мақсаттарына жете берулерін тіледі. Сонан соң жаңа жылдық шырша мерекесіне жиналған балаларға арнайы дайындалған сыйлықтарын тарту етті.

“№ 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы Балалар жылы аясында интернат тәрбиеленушілеріне жасаған қамқорлықтары үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаевқа шынайы алғысын білдірді. ​Мейірімділікке бастайтын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру