Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жылды қайырымдылық акциясымен аяқтады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жылды қайырымдылық акциясымен аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жыл барлығы үшін қиын болды, адамдардың көбі карантиндік шектеулерге байланысты тұрақты жалақысыз қалды. Полицейлер сүйікті мереке қарсаңында олардың отбастарына сыйлық жасауды ұйғарды. Акцияға барлық бөліністердің қызметкерлері қатысты. Азық-түліктер, тәттілер, кітаптар, балаларға арналған киім-кешектер, тұрмыстық химиялар – кімде не бар, соны әкелді. Кішкентай балалар тәрбиелеп отырған: көпбалалы, толық емес, тұрмысы қолайсыз отбасыларға және табыстарына карантиндік шектеулер ерекше әсер еткен отбасыларға көмек көрсетті.

Сыйлықтар тиелген полиция машиналарының керуені таңертең ерте мекенжайларға жол тартты. Полицейлер санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сылап, сыйлықтарды табыс ету үшін бір отбасыға барып қайтты. Үйлері өртеніп кеткендіктен бүгінгі күні анасы, отағасы мен бес баласы уақытша баспанада тұрып жатыр. Тәртіп сақшылары балаларға безендірілген шырша және қажетті заттар мен азық-түліктер ала келді.

– Халықпен барынша тығыз қарым-қатынас жасайтын бөліністер мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бастамашылық етті, – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев. – Мұндай отбасыларды таңдауға ювеналдық полиция қызметкерлері көмектеседі. Қызмет желісі бойынша кішкентай петропавлдықтардың қайсысына жаңа жылдық қуаныш сыйлап, көмек көрсету қажет екенін олар жақсы біледі. Бұл таңдаудың жалғыз критерийі болды. Барлық балаларға көмек көрсету мүмкін емес, біз тек балалардың жүректеріндегі жаңажылдық ғажайыпқа деген сенімдерін сақтап қалғымыз келеді. Жыл бойы бұл отбасылар ерекше назарда болады.

Сондай-ақ, полицейлер қолдауды қажет ететін басқа да топтарды назардан тыс қалдырмады. Полиция департаментінің арнайы бөлінісі Ділнәз есімді қыздың арманын орындау үшін Аяз атаға көмектесті.Осымен бесінші жыл қатарынан арнайы бөліністің қызметкерлері Ділнәзға қамқорлық жасап келеді. “…Аяз ата, қалыңыз қалай? Маған қарда жүретін көлікті сыйлағаныңызды қалаймын. Ақшақарға сәлем айтыңыз”. Офицерлер кішкентай бүлдіршіннің арманын орындады…Бүгін “қайырымдылық керуені” 61 тәрбиеленіп отырған көп балалы 18 отбасыда болып қайтты. Қиын жағдайда тұрып жатқан отбасылардағы балалардың өмірінде жарқын мереке – Жаңа жыл ерекше қуаныш сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру