Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған жұмыс кеңесі полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың төрағалығымен өтті, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамына жыл басынан бері Қазақстн Республикасы ішкі істер органдарындағы заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы ішк істер министрлігінің шолуы жеткізілді.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. Қабдұлдинов ішк істер министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл күшейтілетін меморандум туралы еске салды. Министрлік ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан заңдылықтың бұзылуына жол бермеу бойынша қатаң ұстанымда.

Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов полиция жұмысы әрбір заң бұзушының мәртебесі мен лауазымына қарамастан жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті. Тек осылай ғана  Қазақстн Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген Заң және тәртіп қағидатын іске асыру қамтамасыз етілуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары полиция қызметкерлері тарапынан кез келген құқыққа қарсы әрекеттер туралы жеке қауіпсіздік бөлімшелеріне немесе Қазақстн Республикасы Ішкі істер министрлігінің «1402» бірыңғай сенім телефонына хабарлау керектігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру