Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция басшысы халық алдында онлайн есеп берді

СҚО полиция басшысы әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде халық алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың ведомствоның 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмысына арналған есебі бір сағаттан аса уақытқа созылды. Іс-шара СҚО Полиция департаментінің акті залында өтті, облыстық және қалалық полиция аппаратының басшылығынан бөлек, іс-шараға СҚО әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Сәуле Тоқышева, СҚО Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Арман Бердіғұлов, ПИК төрағалары, жұртшылық қатысты.

Бейнеконференция байланысы режимінде өткен есеп беру кездесуіне барлық 13 аудандық полиция бөлімінің басшылары және ауыл тұрғындары қосылды, сондай-ақ СҚО Полиция департаменті бастығының есебін “Facebook” және “Instagram” желілеріндегі СҚО ПД-нің ресми парақшаларынан көру мүмкін болды. Облыстық полиция басшысы кездесуді өткен есеп беру кездесуінде солтүстікқазақстандықтардан келіп түскен сұрақтар бойынша қабылданған шаралар туралы баяндамадан бастады. Крепостная және Брусиловский көшелерінде жол белгілерін орнату, Жуков көшесіндегі бір үйдің ауласындағы бейнебақылау камераларының орындарын алмастыру, қылмыстардың алдын алу үшін автопатрульдердің жарқылдауық маяктарды қолдануы – осы мәселелер және азаматтардың ұсыныстары соңғы өткізілген кездесуден бері шешілген болатын.

Осы жолы да аудиторияға сұрақтар қою, полиция жұмысы туралы пікір білдіру ұсынылды. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде жасалған 6420 қылмыспен салыстырғанда, 2020 жылы СҚО-да 4766 қылмыс тіркелді. Қылмыс саны 26% төмендеді. Қылмыстарды ашу деңгейі 73% құрады. Тұрмыста жасалатын қылмыс, мал ұрлығы, есірткі қылмыстары, интернет-алаяқтық сияқты негізгі қылмыс түрлері бақылауда, ал ақпараттық технологияларды пайдаланумен байланыссыз жасалатын қылмыстарды ашу айтарлықтай ресурстарды талап етеді. Полицейлер алдын алу жұмысына баса назар аударады. Екі мыңнан астам хабарландыру тексеріліп, сайттардың әкімшілігі арқылы 122 жалған аккаунт пен хабарландыру бұғатталды. СҚО Полиция департаменті бастығының бұйрығымен құрылған мамандандырылған топ жүзден аса интернет-алаяқтық фактісін ашты.

Есеп беру барысында бірнеше ондаған сұрақ келіп түсті. Негізінен облыс тұрғындарын автокөлікті тіркеу, ПИК төрағаларымен учаскелік полиция инспекторларының өзара іс-қимыл жасау, ІІО қызметке орналасу мәселелері қызықтырды. Барлық өтініштерге құзырлы жауаптар берілді.
Сонымен қатар, бірізділік пен “халыққа жақын полиция” қағидаттары бойынша жұмыстың сервистік моделін іске асыру шеңберінде, тәртіп сақшылары тәулік бойы азаматтардан “102” мобильді қосымшасы арқылы хабарламаларды қабылдауға дайын екендігін солтүстікқазақстандықтардың естеріне салды. Қосымша ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен әзірленіп, 1 ақпаннан бастап іске қосылды. Сонымен қатар СҚО полициясы барлық белгілі әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды, мысалға, СҚО ПД барлық басшыларында “Facebook”-те аккаунттары бар және желі қолданушыларымен сұхбат жүргізуге әзір. Айта кететінін болсақ, кездесу барысында қалалық және аудандық полицейлердің жұмысы жайлы бірнеше жағымды пікірлер келіп түсті. 
Есеп беру соңында Марат Төлебаев қылмысқа қарсы іс-қимыл мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде полицейлерге облыстың әр тұрғынының пікірін білу маңызды екендігін атап өтті. Сервистік, ашықтық пен айқындылық – қазіргі заманғы қазақстандық полицияның басты ерекшелігі. Аудандық полиция бөлімдері басшыларының осындай есеп берулері бұл күндері облыстың барлық аудандарында өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру