Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері тұрмыстық техниканы ұрлаудағы күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері тұрмыстық техниканы ұрлаудағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Туысымен бірге тұратын облыс орталығының тұрғыны арадағы қатынастарының шиеленісуінен көшіп кетуді жөн көрген. Ол жаңа пәтерді жалға алған және оның айтуынша асығыстықпен жүргенде бұрынғы мекенжайында “Daewoo” маркалы шаңсорғыш пен “Acer” ноутбугін ұмытып кеткен, соның салдарынан қайтара алмаған: туысы болса байланысудан бас тартқан. Әйелдің полицияға ұрлық туралы арызымен жүгінуіне тура келген. Келтірілген шығынның сомасы 170 мың теңгені құраған. Алғашқыда жәбірленушінің туысы жоғалған заттар туралы еш хабары болмағаны жайлы сендірген. Алайда, Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің тағы бір пәтерді жалға алғанын анықтаған. Құралдың екеуі де сол жерден алынды. 49 жастағы қала тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша жауапқа тартылмақ.

– Өкінішке орай, пәтер ұрлығы бойынша күдіктілер жәбірленушілердің таныстары және туыстары болып шығатын жағдайлар да жиі болып тұрады, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. – Жалпы, бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде осы қылмыс түрі айтарлықтай азаюына әкелді. Жыл басынан облыста 344 ұрлық тіркелді – өткен жылдың ұқсас кезіңінде 613 қарсы. Пәтерлерден ұрлаудың саны 240-тан 137-ге дейін азайды. Ұрлықтың алдын алу бойынша жұмыс облыстың ПД басшылығының бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру