Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы аудандарды аралады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов кезекті жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке құраммен өткен кеңесте аудандық полиция бөлімі бастығының 2020 жылдың қорытындысы бойынша есебі тыңдалды.

2019 жылмен салыстырғанда ауданда қылмыс деңгейі 27 пайызға төмендеген.
Аса ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың саны азайған. Пәтер, мал ұрлығы, алаяқтық, бұзақылық деректерінің тіркелуі төмендеді. Сондай-ақ, есірткі қылмыстарына қарсы күрестің жаңа тәсілдері әзірленді.

Аудан аумағындағы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны азайған.

Атқарылған жұмыстардан бөлек, ПД бастығы кемшіліктерді де атап көрсетіп, оларды жоюға қатысты нақты тапсырмалар берді. Қызмет көрсететін аумақтағы әрбір жауапты қызметкердің тарапынан жіберілген кез-келген кемшіліктің үлкен қателікке әкелуі мүмкін екенін, сондықтан жедел жағдайдың тұрақтылығын ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Жедел кеңес барысында 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бірқатар түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар, аудан ардагерлеріне, қоғам белсенділеріне және ерекше көзге түскен қызметкерлерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ПД бастығының алғыс хаттары табыс етілді.

Сапар соңында полиция генерал-майоры Айша-бибі және Аса ауылдарындағы учаскелік полиция пункттеріне барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру