Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясының бастығы 5 полицейге арнаулы атақтары мен погондарды табыс етті

СҚО полициясының бастығы гарнизондық тарату барысында бес полицейге арнаулы атақтары мен погондарды табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев полицияның кешенді күштерімен жалпыгарнизондық тарату өткізді.

Бағдарлар, нұсқаулар, тапсырмалар – полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күн сайын екі ауысымда облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігі күзетіне түседі. Қызметкерлер 161 жасаққа бөлінген, оның 76-сы жаяу жасақ, 78-і автопатрульдер. Сондай-ақ,тәртіп сақшылары қаладағы жеті модульдік бекеттерде кезекшілік атқарады.
Облыстық полиция вдомствосының басшысы таратуда патрульдік полиция батальоны автопаркінің жағдайын, алып жүретін бейнетіркегіштердің жарамдылықтарын, сондай-ақ полицейлердің сыртқы келбеті мен жарғыдан білімдерін тексерді.

Сапта – облыстық және қалалық полиция қызметкерлері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері. Жерлестеріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көбінесе олардың кәсібиліктеріне және жеделдіктеріне байланысты. Тарату барысында, дәстүр бойынша, жағымды сәттер де болды: бірден полицияның бес офицері кезекті атақтарын алды. Олардың арасында – бір нәзік жанды болды. Эльмира Абушева ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызметінің басым бөлігінде қалалық полиция бөлімінің ювеналдық полициясында жұмыс істеді. Қатардағы инспектордан бастап, бөлімше бастығына дейін жетті. Қазіргі уақытта Әкімшілік полиция басқармасы бөлімі бастығының орынбасары. Әріптестерінің қошеметімен Эльмира Абушева “полиция подполковнигі” атағын алды.

Тарату соңында Марат Төлебаев жеке құрамды азаматтармен ілтипатты және әдепті қарым-қатынас жасауға, қылмыскерлер мен құқық бұзушыларды ұстау кезінде кәсіби әрі жедел әрекет етуге, сондай-ақ барлық жағдайда тәртіп сақшылары тарапынан талап етілетін көмек көрсетуде халыққа жәрдемдесуге бағыттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру