Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО жас полицейлері батыр әріптестерімен кездесті

СҚО жас полицейлері батыр әріптестерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер жас қызметкерлерге арналған бейнеконференц форматында батыр әріптестерімен кездесу өткізді. 

СҚО полицейлерінің арасында адам өміріне араша түскен батырлар аз емес. Қиын жағдайлардағы олардың көрсеткен ерлігі мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Кездесуге бесеуі шақырылды. Олардың барлығы қоғамдық тәртіпті сақтауда “алдыңғы шепте” тұратын бөлініс – патрульдік полиция қатарында қызмет етеді. Олардың жұмысы жолдағы қауіпсіздікті бақылаумен ғана шектелмейді. Патрульдік полицейлер шақырту бойынша алғашқылардың бірі болып келеді, орын алған жағдайларда шұғыл бағдар жасап, адам өмірін аман сақтап қалатын шешім қабылдауы қажет.

Конференция жүргізушілері аудандық бөліністердің жас қызметкерлеріне әріптестерінің ерлік істері жайлы әңгімеледі. Руслан Акматовтың жас қыздың өз-өзіне қол жұмсаудың жолын кесу үшін Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің 25 метрлік аркасына шығуына тура келген. Сұлтан Қуанышев пен Ерлан Данкин адамдарды өрттен құтқарып қалған. Азат Зейнолов улы иіске толы кессонға түскен, онда қабырғаны сырлаған екі ер адам уланған. Қанат Фазылов 2016 жылы ЖКО зардап шеккен әйелді құтқарған. Есіл ауданынан отбасы мінген Audi көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған, салон іші қызыл суға толған. Уақтылы жеткен полицейлер мен сол маңдағы адамдар аман алып қалған. Қауіпсіздік белдігін кесіп, ессіз күйдегі әйел жолаушыны жолға алып шыққан. Қанат Фазылов оған жасанды демалдырып, жүрегіне массаж жасаған, кейін әйел есін жиып, өз-өзіне келген.


Қанат тыңдаушыларға алғашқы көмек көрсету әдістерін үйреткенін айтты.

– Бастысы, біздерді погон таққаннан кейін адамдардың өмірлері мен амандықтары үшін жауапты екенімізге үйретті. Біздің қызмет әр адам өзін қауіпсіз сезінуі үшін қажет, – дейді ол.

Айта кететіні, Қанат – Тәуелсіздіктің құрдасы. Бүгін ол полиция аға лейтенанты, бірақ офицер атағын алғанға дейін адамдарды оттан құтқарған, суицидтің алдын алған және “Ерлігі үшін” мемлекеттік наградасымен марапатталған.

– Жас қызметкерлердің осындай шексіз беріле қызмет атқаруы туралы білулері тиіс. Батылдық пен кәсібилік полицейлерге үлгі болуы қажет. Осындай іс-шаралар жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелейді, рухтарын көтереді, әріптестеріне және жерлестеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады, – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру