Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖАІ: Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етуде

Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһарда қоғамдық тәртіпті сақтауға, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Бұл күндері Алматыдағы полиция қызметі мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды. Әр ауданның ПБ-да ауысыммен күрделі және кешенді күштердің біркелкі саптүзеуі жүзеге асырылады, онда командирлер оларға учаскенің қазіргі қылмыстық жағдайы туралы хабарлауы, ашылмаған қылмыстарға бағыт-бағдар беруі, сонымен қатар олардың әдетте көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын-алу міндеттерін қояды. Айтпақшы, алдыңғы қатардағы және жедел бөлімшелердің күштерімен “ізін суытпай” 98 қылмысты және бұрын жасалған 51 қылмысты ашты. Олардың ішінде – қарақшылық, бұзақылық, есірткі сату, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, суық қару мен атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері және т.б. бар. Сондай-ақ іздеуде болған 16 адам ұсталды, – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.


Бұл ретте полиция, құқық бұзушылық жасағаны үшін шамамен 3 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Олардың ішінде жиі кездесетіні – ұсақ бұзақылық және қоғамдық орындарда ішімдік ішу.

– Осы іс-шара аясында тұрғын алқапқа аула бойынша аралау жүргізілуде. 1 378 үй, сонымен қатар жалға берілетін 2 мыңға жуық пәтер тексерілді. Сонымен қатар ЖАІ кезінде жергілікті полиция қызметі, тіркелген және бұрын сотталған азаматтарды, ал ювеналды полиция – қолайсыз отбасыларды міндетті түрде тексереді. Бұл жұмыстардың барлығы республиканың ең ірі шаһарындағы қылмыстық ахуалды айтарлықтай жақсартады, сонымен қатар кез келген сипаттағы заңсыз әрекеттердің алдын алады, – деп түйіндеді Саттаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру