Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚУ-дің 30 шақты түлегі полицияға жұмысқа келуді жоспарлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысы СҚУ-дің 30 шақты түлегі полицияға жұмысқа келуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан университеті – облыстық полиция ведомствосы үшін кадрлардың сенімді көзі. Өткен жылы СҚО полиция қатарына 80 жас қызметкер келді, оның 21-і облыстағы жетекші оқу орнының түлектері. Соның бірі – Альбина Қыпшақбаева. Ол Петропавл қ. ПБ әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы лауазымында 2019 жылдан, лейтенант атағын желтоқсанда алды.

– Жеке мені ішкі істер органына келуге үгіттеуге қажеттілік болған жоқ, мен бала кезімде-ақ не медицина қызметкерінің ақ халатын киемін, не полицей формасын киемін деп шешіп қойғанмын, – дейді ол. – Дегенмен, тәртіп сақшыларымен жүргізілген кәсіптік бағдарлау кездесулерінің пайдасы мол болды. Заң мамандығын алып жатқан біздер үшін ПД музейіне, объектілеріне экскурсиялар ұйымдастырып, алғашқы даярлыққа оқуға түсу тәртібін түсіндірді. Тәжірибеден ЖПҚ қалалық бөлімінде өттім. Осының барлығы қызметте мені не күтіп тұрғанын түсініп, сезінуге септігін тигізді.


Бұдан басқа, СҚУ қабырғасында “Заңгер” клубы құрылған. Бұл жерде болашақ заңгерлермен Тергеу басқармасының, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, басқа да бөліністердің қызметкерлері жұмыс жүргізеді. Кездесулер семинар не практикалық сабақ түрінде өтеді. Тергеушілер мен анықтаушылардың процестік қызметіне шолу, құқықтық сананы қалыптастырудағы діннің рөлі және осы сияқты тағы басқа тақырыптар – құқықтық білімнің негізін қалайды.

– Өткен жылы Жоғарғы оқу орны мен СҚО ПД арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, соның арқасында студенттермен кәсіптік бағдарлау туралы әңгімелесуден бастап түлектердің ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуы бойынша өзара іс-қимыл жасаудың механизмі орнатылды, – дейді СҚО ПД басшысының орынбасары Қапез Дәулетбаев. — Біздің мақсатымыз — студент кезден кәсіби кадрларды тәрбиелеп шығару, оларды қызметте ауыр психофизикалық жүктеме, нормаланбаған жұмыс күні күтіп тұрғанын және адам тағдырына деген жауапкершілікті түсінуге дайындау.

Полицияда қызмет етуге жастарды тарту бойынша кеңейтілген жұмыс өз жемісін беруде – СҚУ оқытушылары жүргізген сауалнамалар бойынша биылғы жылы отызға жуық студент өз өмірін ІІО байланыстыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру