Степногорск полицейлері суицид жасамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды
Степногорск полицейлері суицид жасамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 шілдеде 12:50-де Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан полиция қызметкерлерін қала тұрғындарының бірінің мекенжайына жіберу туралы өтініш келіп түсті. Азаматша оның егде жастағы көршісі өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтып түсіндірді.
https://youtu.be/Rodmpo6QXUc
Оқиға орнына дереу келген учаскелік полиция инспекторы Азамат Ибраев пен аға учаскелік полиция инспекторы Бөгенбай Жұмабеков суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдады.
Полиция қызметкерлері екінші қабатта орналасқан пәтерінің балконының шетінде отырған 79 жастағы зейнеткерді көрді. Есікті ішінен жауып алған әжей төменге секіру ниетін айтып, балконға ешкімді кіргізбеді.
Полиция қызметкері Азамат Ибраев әжейдің назарын осындай төтенше жағдайға не итермелегені туралы сұрақтармен аударған кезде, оның әріптесі Бөгенбай Жұмабеков есікті сындырып, зейнеткерді құтқарып қалды. Кейін жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерге көмек көрсетті.