Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск полицейлері зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты

Степногорск полицейлері зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Әйел 14 маусымда белгісіз әйел “Сибирь” сауда орталығындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін түсіндірді. Шығын сомасы 24 000 теңге көлемінде бағаланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Степногорск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тауарлардың бірін, атап айтқанда алтын алқа, басқа зергерлік бұйымдарды қарау және сатып алу кезінде сатып алушы ұрлап кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру