Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды

Жеңілдікпен үй алмақ болған семейлік алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы семейлік әйелдің баяндауынша, 2019 жылдың қазан айында Семей қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында, алдау және сенімге кіру жолымен жылжымайтын мүлікті жеңілдетілген бағаға сатып алу сылтауымен бейтаныс әйел оның 500 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру