Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында екі алаяқ алған тауары үшін төлемей, сатушыны алдады

Степногорск қаласында екі алаяқ алған тауары үшін төлемей, сатушыны алдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 маусымында Степногорск қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жеке кәсіпкерден белгісіз адамдар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы өтініш келіп түсті. Қаладағы азық-түлік дүкендерінің біріне оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 9 600 теңгеге тауар таңдап, төлем жасамай кеткен екі сатып алушыны анықтады.

Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Сатушының айғақтарына сәйкес, қаскүнемдердің бірі тауарды таңдағаннан кейін, сатушының назарын басқаға аударған, осы уақытта оның серіктесі азық-түлік салынған пакетпен дүкеннен шығып кеткен.

Дүкенде қалған сатып алушы сатушыға сатып алу үшін төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтып, шығым кеткен. Қаскүнемдердің әрекеттері дүкенде орналасқан бейнебақылау камерасына түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі ұрлық үшін бұрын сотталған Степногорск қаласының 1982 жылғы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, осы дүкеннен сатып алынған азық-түлік тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру