Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда автобус жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 157 дерегі анықталды

Жамбылда автобус жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 157 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымнан бастап облыс аумағында “Автобус” атты Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және өзге де мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, жолға шығар алдында қалалық автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексеру жүзеге асырылады.

– Республикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 157 дерегі анықталды. 30 автобус жүргізушісі маневр ережелерін бұзуы, 30 жүргізуші қозғалыс кезінде телефонды пайдалануы анықталды. Жылдамдық режимін бұзудың 15 дерегіне әкімшілік хаттама толтырылып, үш автобус айып тұрағына қойылды, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығы Әшкеев Рахымберді.

Барлық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді қоғамдық көлікте заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарында автобус жүргізушілерінің кінәсінен екі ЖКО тіркеліп, үш адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру