Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғыны есірткіге мас күйде көлік жүргізген

Степногорск тұрғыны есірткіге мас күйде көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусымда Степногорск қаласының көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторлары Әмірхан Айтпаев мен Әділ Смағұлов Новосибирская-Славская көшелерінің қиылысында BMW-525 автокөлігін тоқтатты. Көліктің рөлінде 31 жастағы жергілікті тұрғын отырды. Тәртіп сақшылары ер адамның сыртқы келбетіне және есірткіге мас болған адамдарға тән белгілерге (көздің ұлғайған қарашықтары, қызарған көздер) назар аудара отырып, оны көлік құралын жүргізуден шеттетті.

Полицейлердің болжамы жүргізуші медициналық тексеруден өткеннен кейін расталды. Сарапшылардың пікірінше, ол каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас болған.

Тексеру барысында бұл азаматтың 2021 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, жүргізуші Степногорск қалалық ПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру