Степногорск тұрғыны ескі иконаны ұрлап кеткен
Степногорск тұрғыны отбасылық құндылықты ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйекте Степногорск қаласының Полиция басқармасына 70 жастағы тұрғынның 2-4 қыркүйек аралығында белгісіз тұлға пәтерден ескі иконаны ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 100 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, шкафтан иконаны алып, сатып жіберген. Олжаны жұмсап қойған.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.