Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда сауықтыру кешенінде притон анықталды

Таразда сауықтыру кешенінде притон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде жезөкшелікпен айналысу мақсатында притонды ұйымдастырумен және оны ұстаумен айналысқан облыс орталығының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер және келушілерді есепке алу журналы алынды.

ВИДЕО МҰНДА

Сонымен қатар, полиция бөлімдеріне 18 жеңіл жүрісті қыздар жеткізіліп, барлығы дактилоскопиядан өтті және профилактикалық есепке қойылды. Сондай-ақ, полицейлер қоғамдық орындарда тиісудің 11 дерегін тіркеді, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру