Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынын ұрып-соғып, тонап кеткен екеу ұсталды

Степногорск тұрғынын ұрып-соғып, тонап кеткен екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

7 қарашада Степногорск қаласының полиция басқармасына 37 жастағы жергілікті тұрғыннан 1 қарашада сағат 04:00 шамасында үйдің ауласында белгісіз адамдар Redmi Note ұялы телефонын, күміс алқасын, сағат пен пәтердің кілттерін ашық түрде ұрлап кеткені туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш беруші сол түні қонақтан үйіне келген. Үйдің ауласында бейтаныс жастар одан темекі сұрап, кейін ер адамды ұрып-соғып, оның жеке заттарын тартып алып, қашып кеткен. Жәбірленуші шығын сомасын 150 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Қаскүнемдер бұрын сотталған 31 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

Осы факті бойынша Степногорск қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру