Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғынынан кен өңдеу цехы анықталды

Ұрлық фактісін тергеу барысында Ақмола полицейлері Степногорск қаласының тұрғынынан кен өңдеу цехын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз күні Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінді, олар 24 тамызға қараған түні кілттерді қолданып, әйелдің үйіне кіріп, 793 400 теңге сомасында алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды. Заттай дәлелдемелер – екі алтын алқа тәркіленді. Қаскүнем қалған алтын бұйымдарды ерітіп, аффинаж жасап, Степногорск қаласының тұрғынына тапсырғанын айтты.

Степногорск қаласы Полиция басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерімен 27 қазан күні қалада 49 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігі тоқтатылды. Жеке тінту барысында ер адамнан 1 193 500 теңге және сары түсті ұнтақ заты бар екі пластикалық бөтелке тәркіленді.

Санкцияланған тінту барысында Ақсу кентіндегі шаруашылық құрылысынан екі ұсатқыш станок (шынжырлы және жұдырықшалы), бір жуғыш, құрамында алтын бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтын бар материал салынған 31 қап және электрондық таразы табылып, тәркіленді. Ұсталғанның айтуынша, ол осы жылдың көктемінде кварц кенін өңдеу цехын ұйымдастырған.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру