Степногорскіде мас жүргізуші 7 жылға құқығынан айырылды
Степногорскіде мас жүргізуші 7 жылға құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйекте Степногорск қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Степногорск қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруымен Mazda автокөлігін тоқтатты. Полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісін сезіп, көлік құралын басқарудан шеттеткен. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама құрылды.
19 қыркүйекте Степногорск қалалық сотының қаулысымен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.