Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су қоймасында шу шығарған азаматтан пышақ тәркіленіп алынды

Шымкентте су қоймасында жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 24 қазанында шамамен сағат 13:20-да Шымкент қаласы Орманов көшесінің бойындағы «Су қоймасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қызмет атқаратын күзетшілері белгісіз азамат олардың тыныштығын бұзғаны бойынша полицейлерден көмек сұраған. Өз кезегінде аталған хабарлама бойынша Әл-Фараби АПБ ЖҚПБ ППП-нің 7-рота қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, тәртіп бұзған азаматты сабырлыққа шақырды. Тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен пышақ тәркіленіп алынды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру