Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Супермаркеттен ұстара ұрлаған алматылық тұрғын 50 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды

Алматы қаласының тұрғыны жергілікті супермаркеттердің бірінен Gillete Mach3 ұстарасының екі пакетін ұрлағаны үшін 50 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

43 жастағы алматылық әйел қаладағы супермаркеттердің бірінде жүріп Gillete Mach3 кассетасының екі пакетін ұрлап кеткен. Қылмыс бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбаларды көру кезінде жасалған.

Осылайша, әйел өз әрекетімен супермаркетке жалпы сомасы 30 мыңға жуық сомаға материалдық шығын келтірген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, елу сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Әйел Семей қаласы Затон ауданының пробация қызметінің есебіне тұрды, сот шешімін орындау үшін қаланың бір жылу электр орталығына қызметтік үй-жайларды тазалаушы болып жұмысқа орналасты.

– Ол жасаған қылмысына өкінеді және сот белгілеген сағатты адал атқарып жұмыс істеп жатыр. Сотталған азаматша қазіргі уақытта ағасымен бірге тұрады, некеде емес, балалары жоқ, – дейді  Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің бастығы Ерик Усербаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру