Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талапшыл басшы, аяулы ана

Әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz сайты өз оқырманын құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін табысты әйелдермен таныстыруын жалғыстырады.

Әр мамандықтың өзіндік қызығы мен қиындығы қатар жүретіні белгілі. Олардың қай-қайсысын алсақ та бірінші кезекте жауапкершілікті талап етеді. Ал жұмыстың ауырлығына қарамастан ерлермен иық тіресе жұмыс жасайтын нәзік жандыларға құрмет қай кезде де ерекше.  


Осындай
жауапкершілігі жоғары қызметтегі азаматшалардың бірі –  Тараз қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бастығы Әсем Мұхамеджанова.

Ол ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 2002 жылдан Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасы екінші полиция бөлімінің криминалдық ақпараттар және қадағалау тобының инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары ерекше тапсырмалар жөніндегі жедел уәкіл, инспектор лауазымында қызмет еткен.

Отбасы мен қызметіне қатар үлгерген нәзік жан үйінде аяулы ана, жұмыста жауапкершілігі мол басшы. Қызмет бабында адалдық пен еңбексүйгіштік, жауапкершілік қасиеттерімен ерекше көзге түскені үшін бірнеше рет ҚР Ішкі істер министрінің, Полиция департаменті бастығының алғыс хаттарымен марапатталған. Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қызметтік міндетін абыроймен атқарғаны үшін», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгісімен, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Біздің жұмыс тәртібіміз күн мен түнтаңдамайды. Әр кезде аса сақ болуды, қырағылықты, жеделдікті талап етеді. Сондықтан, отбасында балаларға көңіл бөлінбей қалатын кездер болады. Осындай сәттерде жолдасым қолдау көрсетіп, әрдайым түсіністікпен қарайды. Менің қызметім мен отбасымдағы берекенің ең басты кілтіжолдасым мен арадағы сыйластық пен түсіністік деп есептеймін,–деген Әсем Біржанқызы қазіргі күніне бақытты екенін айтады. Себебі оны түсінетін жолдасы мен балалары қасында әрі өзі таңдаған мамандықтың иесі атанып, жемісті еңбек жетіп жүр.

Ол басшылық ететін Жедел басқару орталығы күнделікті, тәулік бойына қылмыстық хабарламалардың бірінші келіп түсетін арнасы. Осы жерде тұрғындарды мазалаған кез-келген құқықбұзушылық пен орын алған қылмыстық оқиғалар туралы мәліметтер “102” байланыс нөмірі арқылы тіркеліп, тиісті алғашқы алдын алу шараларын орындайтын жауапты қызметкерлердің бағыт-бағдары да ұйымдастырылады. Ал әрбір хабарламаның тіркеліп, назардан тыс қалмай орындалуын қадағалау басшының қатаң бақылауында болуы тиіс. Бұл тұрғыда кейіпкеріміз Әсем өз міндетін абыроймен атқарып келеді.

Оның қызмет жолындағы жеткен жетістіктері мен жоғары нәтижелеріне, отбасындағы татулық пен тұрақтылыққа бағдар жасай келе, қазіргі полиция подполковнигі шені мен ардақты ана деген атқа әбден лайық азаматша деп айтуға болады. Ел тыныштығы жолында кірпік қақпай қызмет ете отырып, бір қолымен бесік тербеткен осындай аналарымыз аман болсын деп тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру