Талдықорған полициясы ауқымды іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Талдықорған қаласында 5 мыңға жуық тұрғын мен қонақтың қатысуымен өткен ауқымды іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында Жетісу облысы әкімінің жыл сайынғы “Көшбасшы – 2026” жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында іс-шара аумағында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, іс-шара өтетін аумақ пен оған іргелес жерлердегі жағдайды бақылауда ұстады.
Қабылданған қауіпсіздік шараларының нәтижесінде іс-шара тыныш жағдайда өтіп, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері мен төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ.
Полиция бұқаралық іс-шаралар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
