Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған қалалық полиция бастығы тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Талдықорған қалалық полиция бастығы тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы Полиция басқармасында облыс орталығының тұрғындары үшін онлайн-қабылдау өтті. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде қала тұрғындары полиция басқармасына өздерінің өзекті және толғандырған мәселелерін айтып, сұрақтарын қойды.\

– Негізінен тұрғындар учаскелік полиция инспекторларының жұмысына, олардың жұмыс тәртібіне, полицияның тірек пункттерінде азаматтарды қабылдау тәртібіне қатысты қызығушылық танытты. ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес учаскелік инспекторларға қойылатын талаптар қайта қаралады және “Учаскелік инспектордың мәртебесі туралы” заңына сәйкес қабылданатын болады. Қаланың өзінде учаскелік полиция қызметкерлерінің саны артып, аталған санаттағы полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар әзірленді, – деп хабарлады Талдықорған қалалық ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.

Сұрақтардың басым бөлігі қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне және осы бағытта тәртіп сақшылары қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы қойылды.

– Қалада қауіпті жерлерде, сондай-ақ жеке жаяу жүргіншілер өткелдерінде қосымша жол белгілерін орнату жоспарланып отыр. Пилоттық жоба ретінде жүргізушілерге жаяу жүргіншілердің қозғалысы туралы ескертетін «сигнал бағаналарын» орнату жоспарлануда. Әсіресе, бұл қараңғы мезгілде өте маңызды. Сондай – ақ, қалада жедел басқару орталығына, ал жекелеген ерекше маңызды учаскелерде учаскелік полиция пункттерінің мониторларына қосылған 871 бейнебақылау камерасы бар екенін атап өткен жөн. Азаматтар қандай да бір мәселе туындаған жағдайда бейнебақылау жүйесінің көмегіне жүгіне алады, – деп толықтырды өз сөзінде полиция полковнигі Нұрсапа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру