Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Талдықорғанда полиция қызметкерлері түнгі уақытта есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде полицейлер 53 жастағы ер адам басқарған Toyota Avensis автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші медициналық куәландыруға жіберіліп, оның есірткілік мас күйде болғаны расталды.

Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік материалдар рәсімделді.

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қабылдаған шаралары жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнуі мүмкін қауіптің алдын алуға мүмкіндік берді.

Көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін заңнамада әкімшілік қамаққа алу және көлік құралдарын басқару құқығынан айыру көзделген.

Полиция жүргізушілерді алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік басқармауға шақырады. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру