Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полиция футбол матчы кезінде 1200-ге жуық жанкүйердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері 1200-ге жуық жанкүйер қатысқан футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық іс-шара барысында полиция қызметкерлері стадион аумағында және оған іргелес жерлерде қызмет атқарып, патрульдеу жұмыстарын жүргізді және қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жанжалдарға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізді. Жанкүйерлерге кең таралған алаяқтық схемаларын қалай тануға, қаржылық қаражаты мен жеке деректерін қалай қорғауға болатыны жөнінде ұсынымдар қамтылған 1000-нан астам ақпараттық жадынама таратылды.

Полицейлер азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, бөгде адамдарға банк карталарының деректерін, SMS-кодтар мен құпиясөздерді бермеу, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігін еске салды.

“Заң және Тәртіп” қағидаты аясында Жетісу облысының полициясы азаматтар көп жиналатын орындарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру