Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қызмет бабында қаза тапқан полицейдің құрметіне шағын футболдан турнир өтті

Талдықорғанда қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан полицейдің құрметіне шағын футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан, ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған ЖҚАЖ жауынгері Дархан Барғанаевтың құрметіне шағын футболдан турнир өткізілді.

– Дархан Барғанаев – қызметтік борышын орындау кезінде батылдық пен жанқиярлық танытқан батыр. Оның есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс-шаралар батырларды еске алуға арналып қана қоймай, салауатты өмір салтын таңдауға ынталандыру және дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Жарысқа ПД аумақтық бөлімшелерінің, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ҰҰ 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатарынан 17 команда қатысты.

– Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Талдықорған полициясының командасы иеленді. Екінші орынды МКҚБ командасы алды, ал облыстық полиция департаментінің командасы жеңімпаз атанды. Командалық біріншіліктен басқа үздік ойыншылар үшін біз жеке номинацияларды дайындадық. Барлық жеңімпаздарға кубоктар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, – дейді ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Мұхит Бөлегенов.

Жарыс соңында полиция батырының ата-аналары сөз сөйлеп, турнир ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру