Талдықорғанда шетелдік көлік қаққан тұрғын оқиға орнында көз жұмды
Талдықорғанда шетелдік көлік қаққан 50 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы 23 мамыр күні кешке Абылай хан көшесінде BMW автокөлігінің қатысуымен болды. Шетелдік көлікті тізгіндеген Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып, жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 44 адам түрлі жарақат алған.
Жетісу облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сіздің өміріңіз өз қолыңызда екендігін ұмытпаған жөн.