Талдықорғандық екі азамат бірнеше көліктен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды
Талдықорғандық екі азамат бірнеше көліктен ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының басында Талдықорған полициясына тұрғындардан көліктен ұрлық жасаған белгісіз адамдарға шара қолдануды талап еткен арыздар түсе бастады.
Ұрлық көбінесе сигнализация орнатылмаған көліктерде жасалған. Автокөлік салонынан телефондар, банк карталары, қолма-қол ақша және түрлі құрал-жабдықтар ұрланған. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы жергілікті екі тұрғынды анықтап, ұстады.
– Күдіктілердің бірі банк картасын пайдалануды ұйғарып, полицияның назарына ілікті. Ұсталғандар көліктен ұрлық жасаудың бес эпизодына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендерге келтірілген шығын шамамен жарты миллион теңгені құрады, – деді Талдықорған қаласының полициясы.