Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанның тергеу изоляторында «ашық есік» күні ұйымдастырылды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінде «ашық есік» күні өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мерекесіне орай Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 тергеу изоляторында мекеменің шаруашылық қызметінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туыстары мен жақындарына «ашық есік» күні өткізілді.

Сотталғандар өздерінің жақындары мен туыстарын көңілді және мерекелік концертпен қарсы алды. Концерттік бағдарламаны мекеме бастығының орынбасары Ержан Сейденов жылы лебізімен ашты. Шашу рәсімі өткізіліп, Наурыз және көктем туралы өлеңдер мен әндер айтылды, сондай-ақ сотталғандар «Қара жорға» халық биін және аналары, әпке-қарындастарымен бірге вальс биледі.

– Ең алдымен денсаулық пен шыдамдылық тілеймін. Қазақтар үшін Наурыз-Жаңа жыл. Жаңа жылда бәрі босап, туыстарымен қайта қауышсын. Осындай іс – шараны ұйымдастырғаны үшін ҚАЖД және мекеме басшылығына алғысымды білдіремін, – деді сотталушының әпкесі.

Сотталғандардың туыстары мен жақындары үшін мекеме бойынша тур өткізіп, жатақхана, асхана, кітапхана, спорт залы, медициналық бөлім және т.б. көрсетті.

Іс-шара соңында сотталғандар туысқандарды өздері дайындаған мерекелік үстелге шақырды. Қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.

– Қаңтар оқиғаларынан кейін туыстарымыз біздің жағдайымызға қатты алаңдады, бірақ бүгін жазаны қалай және қайда өтейтінімізді көріп, тынышталды. Іс-шараға шын жүректен, ерекше сезіммен дайындалдық, өйткені бұл туған адамдар. Бұл іс-шара түзетуге және бұрынғы өмірге қатесіз оралуға ынталандырады. Туған-туыстарымызбен дастарқан басында біз бір сәтте өзімізді үйдегідей сезіндік, – деп қосты мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру